Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өздеріңе 1 тал гүл сыйлаңдар!": Роза Әшірбаева әйелдер құқығын қорғайтын заңның қабылданғанын айтып, көз жасын тыя алмады

Танымал психолог, эксперт, коуч Роза Әшірбаева сенат отырысында “Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заңның мақұлданғанын айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/rozaashirbayeva/

Аталған заңға мемлекет басшысы қол қойса, күшіне енеді. 

“Құрметті қазақстан әйелдері! Бүгін өздеріңізге 1 тал гүл сыйлаңыздар! Қуандық Бишімбаевтың туған күні үшін емес. Сенатта әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмайтын заң екі оқылымда да мақұлданды. Енді президент қол қойса, болды. Өзіме бір тал гүл сыйлаймын! Қатты қуанып тұрмын әрі жылап тұрмын. Әйелдердің қоғамдағы қорғансыздығы қатты алаңдататын. Сырттан көрінбейді. Ойнап, күліп, әзіл түрінде эфирлерде айтып жүрдім. Бірақ ішімде ашу, ыза, реніш болатын. Соның бәрі шығып жатыр. Бұл жеңісте тиран күйеуінен кете алмаған әрбір аналарымыздың, әпкелеріміздің, жеңге-сіңлілеріміздің, құрбыларымыздың үлесі бар. Сүйіктісінің қолынан өлген әрбір әйелдің көз жасы бар. Осыны ұмытпайық, қыздар!”, – деп жазды коуч. 



Айта кетейік, парламент сенаты екі оқылымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді мақұлдады

Еске салайық, президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты ымырасыз күрес жүргізуді қажет ететін әлеуметтік кеселдің бірі ретінде атап өткен еді. 

Талқылау