Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мағжан Жұмабаевтың құпияланған қолжазбасы Астанадағы көрмеге қойылады

Солтүстік Қазақстан облысының мұрағаты Астанадағы көрмеде Мағжан Жұмабаевтың құпияланған қолжазбасын ұсынады, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

жазбадайын

24 мен 27 тамыз аралығында  Астана қаласындағы EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрме аясында Солтүстік Қазақстан облысының Мәдени күндері өтеді.

“СҚО-ның Мәдени күндері қарсаңында 400-ден астам мәдениет саласының өкілдері тартылады. Олардың арасында – қала және облыстың үздік шығармашылық ұжымдардың қатысушылары, солистер, актерлер, сәндік-қолданбалы өнер, қазақастандық эстрада жұлдыздары бар”, — деді мәдениет, мұрағат және құжаттану басқармасы жетекшісінің м.а. Зәуре Нұрмұқанова.

Бұдан бөлек, Астана тұрғындары мен қонақтары Солтүстік Қазақстанның тарихи орындары картасымен, латиницадағы бірегей құжаттармен, ақын Мағжан Жұмабаев туралы сирек материалдармен таныса алады.

Облыстық мұрағат жетекшісі Сәуле Маликованың айтуынша, Астанада Солтүстік Қазақстан облысының мәдени күндерін өткізу аясында мұрағат “Қазақстанның жаңа тарихи белесі — Новые вехи истории Казахстана” көрмесін ұйымдастырады. Мұнда сирек және бірегей материалдар қойылады.

“Бізде Мағжан Жұмабаевтың қолжазбасы бар. Ол құжат бұрын құпияланған болатын. Бірақ қазір одан “өте құпия” деген белгі алынды. Құжат 1922 жылғы 20 тамызбен даталанған, ол кезде облыста аштық болған”, — деді Сәуле Маликова.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда қазақстандық алты баланың жүрегі ауыстырылды

Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Астанада қаршадай қызды зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

 

Талқылау