"Маған шалдар ұнайды": Блогер Джузефина тағы да желіні шулатты
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал блогер Джузефина есімімен танылған Жұлдыз Жауынбаева қандай жігіттер ұнайтынын айтып, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Маған 2005-2008 жылғы жігіттер жазып, "мен пәкпін, Джузи, саған өзімді сыйлағым келеді" дейді. Рақмет, керек емес. Маған шалдар ұнайды, олардың пенсиясы ұнайды. Олар не айту керегін біледі. Қай нүктеге басу керегін де біледі. Сосын олар ерте ұйықтап қалады. Мен жас жігіттермен сөйлеспеймін”, – деп күлді.
Бірақ Джузефина сөздерінің қалжың екенін жасырмады. Салмақты түр жасап, "Альфа" тобындағы бір жігітті ұнататынын айтты.
Блогердің оқырмандары жеке өміріне қатысты кеңес беріп, түзу жолда жүру керегін ескертті.
“Саған кім ұнайтыны бізге не керек”, “Әркімнің ермегі болып жүрсің”, “Мен бұл қызды 10-қабаттан секіріп кеткен болар деп ойладым”, “Сөйлегені жиіркенішті”, “Тәрбие көрмеген қыз”, “Әке-шешесі көріп, ұялып отырған шығар”, “Жұлдыз, теңіңді тауып, бақытты бол”, – деп жазды көпшілік.

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
