Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Ең жас депутат ретінде есте қалған Мәди Ахметов Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәди Ахметов енді Алматы облыстық жастар саясаты басқармасын басқарады.
2022 жылы ол мәжілістің ең жас депутаты деп аталған еді. Алайда 2023 жылы “Аманат" партиясының съезінде партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың ішінде болған жоқ.
Ол бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуға ұсыныс жасап, кейін қаңтар оқиғасынан кейін оның өкілеттіктерін қысқартуға, сондай-ақ "ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңының күшін жоюға дауыс берген еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған