"Мәдениет саласын басқаруға лайық": Айгүл Иманбаева Англиядағы оқуын аяқтап, елге оралды
ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Айгүл Иманбаева шетелдегі оқуын аяқтап, оқырман қауымға дипломын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Айта кетейік, өнер иесі бір жылдан бері шетелде білімін жетілдіріп, өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан еді.
"Менің Лондонға оқуға келгеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл болыпты. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынамын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен әрі қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым: сіздерден сүйіншілетіп, алған дипломымды көрсетіп, қуанышымды бөлісейін дегенім еді. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес. Әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық", – деп жазды Айгүл Иманбаева
“Болашақ” бағдарламасы арқылы Лондон қаласында оқып келген эстрада жұлдызын өнердегі әріптестері мен тыңдармандары жаппай құттықтап жатыр.
“Құттықтаймыз!”, “Басқа да әншілерге үлгі болатын жан”, “Өнерге шексіз ғашық екенін білімімен дәлелдеді”, “Қазақ эстрадасына жаңа леп әкеліңіз!”, “Сізден енді жаңа әндер күтеміз”, “Еліміздің мәдениет басқармасын басқарады”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, Ақбота Керімбекова Айгүл Иманбаеваның келін түсіргенін айтып қойған еді.
Бұған дейін өнер иесінің әкесі дүниеден озғанын жазған едік.