Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы болып тағайындалды
Арман Қырықбаев Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті Жарлыққа 3 қыркүйек күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
“Арман Оразбайұлы Қырықбаев ҚМәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын, бұрынғы атқарып келген қызметінен босатылсын”, – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева атқарып келген еді.
Арман Қырықбаев туралы
Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Астанада дүниеге келген.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Ал 2000-2002 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында білім алып, халықаралық экономист мамандығын алған.
- 1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі;
- 1997-1999 жылдары – Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің атташесі;
- 1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы;
- 2002 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері комитетінің екінші хатшысы;
- 2002-2004 жылдары – "ABE Corporation" ЖАҚ стратегия және маркетинг департаментінің директоры;
- 2004-2005 жылдары – "К-МАРТ" ЖШС бас директоры;
- 2005 жылы – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары;
- 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры;
- 2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры;
- 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы;
- 2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
- 2014-2015 жылдары – "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі;
- 2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары;
- 2019-2022 жылдары – "Nur Otan" партиясының хатшысы;
- 2022-2024 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
- 2024 жылғы 9 наурыз – 2025 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
- 2025 жылғы 24 ақпаннан бері – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда