Лукашенко өзінің қайда екенін айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің шетелде екендігі туралы хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BelTA басылымына сілтеме жасап.

"Мен әлі тірімін, бірақ шетелде емеспін, біздің құрметті азаматтарымыз "президент елден кетіп, шетелде жүр" деген ақпаратты таратып жатыр. Бүгін 14 тамыз күні біз құрылыс индустриясының жұмысын талқылау үшін жиналып отырмыз", - деп атап өтті мемлекет басшысы құрылыс индустриясына арналған кеңесте.
Лукашенко халыққа - бұқаралық ақпарат құралдарына жедел үндеу дайындаған.
Естеріңізге сала кетейік, Беларуссияда наразылық акциялары сайлау күні - 9 тамыздан бастап жалғасуда. Олар елдің барлық дерлік қалаларын қамтыды. Ереуілдердің салдарынан көптеген ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар