Лукашенко Беларусь елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырған Қазақстанды дос деп санайтынын айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко шет елдердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау кезінде Қазақстан мен Беларустың одақтас, стратегиялық серіктес әрі дос ел екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Белта” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорда
Қазақстан Беларусь үшін маңызды, уақыт сынынан өткен дос, стратегиялық серіктес және одақтас ел. Екі елдің қызығушылықтары тоғысқан салалар көп. Қазақстан мен Беларустің ынтымақтастығына жыл сайынғы миллиард долларлық тауар айналымы мен өнеркәсіптік кооперациядағы табысты жобалар дәлел.
Сонымен қатар Александр Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде елге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Бұған дейін Украинаның сыртқы істер министрлігі ел егемендігін қолдағаны үшін Қазақстанға алғыс айтқан еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды