Украинаның сыртқы істер министрлігі ел егемендігін қолдаған Қазақстанға алғыс айтты
Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен кездесіп, ризашылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters/Bryan R.Smith
Андрей Сибига Қазақстан билігі мен сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге Украинаны қолдағаны үшін алғыс білдірді.
“Қазақстанға Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айту үшін сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездестім. Оған соғыс жағдайы туралы айтып, Орталық Азия елдерімен екіжақты диалог пен байланыстарды дамытуға мүдделі екенімді жеткіздім”, – деді Андрей Сибига.
Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы Қазақстан алғашқылардың бірі болып делдал болуды ұсынып, жағдайды бейбіт шешуге шақырды. Сондай-ақ Қазақстан қай елге жақтасатыны туралы тікелей мәлімдеме жасаған емес.
Бұған дейін Трамп АҚШ-қа келген Зеленскийді сынға алған еді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан