AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

LRT елорданың климатына шыдай ма? Көлгінов жауап берді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT жүйесі қаншалықты қауіпсіз деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы министрлігі LRT жобасын бекітпегенін мәлімдеді

“Қоғамның LRT-нің қауіпсіздігіне алаңдауы орынды. LRT бағандары – сараптамадан өткен күрделі инженериялық құрылыс. Жобаны жасауға сарапшылар, құрылысшылар, инженерлер атсалысты. Сондықтан біз барлық жайттарды, атап айтсақ, қысым, салмақ, ауа райына байланысты өзгерістерді ескердік. Мысал ретінде Нұр-Сұлтанның климатына ұқсас белдеуде орналасқан Канада мемлекетін алайық. Ол жақта да LRT жүйесі бар. Біздің мамандар бұл мемлекетке барып арнайы көріп келді. Жоба келісімшартымыз бар серіктестерімізге де осы сұрақты қойдық. Сол себепті біз негізгі міндет ретінде нысанның сапалы түрде салынуын алға қойып отырмыз. Өйткені күрделі LRT инженерлік-транспорттық жүйе”, – деді елорда әкімі.


Алматыға LRT қажет – Досаев


Оның сөзінше, қазіргі басты міндет – LRT құрылысын аяқтау.

“Қазір қалада тұрған бетон бағандар сапалы, олардың әрқайсысының салмағы 220 тонадан асады. Олар арматура мен темір-бетоннан жасалған. Бетон маркасының сапасы өте жоғары. Бұдан бөлек мамандар бірнеше кезеңнен тұратын тексеру жүргізеді. Қазіргі басты мақсатымыз  – LRT құрылысын аяқтау”, –  дейді Көлгінов. 

Бұған қоса ол LRT-ны бизнес жоба ретінде қарастырмау керектігін алға тартты.

“Қомақты қаражат кеткені рас, дегенмін жобаның құрылысы әлі аяқталмады. LRT табыс әкелмейді. Дегенмен бұл субсидиялау қажет қоғамдық көлік түрі. Сондықтан оны бизнес жоба ретінде қарастыруға болмайды. Экономикалық тұрғыдан пайда әкелмейді, бірақ әлеуметтік маңызы зор. LRT қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетеді”, – деді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 577 миллион доллар керегін айтқан еді. 


Қалаға LRT мен BRT cалу үшін сызбалар дайындалып жатыр - Шымкент әкімі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр