Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыға LRT қажет – Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада LRT салу мәселесі жайлы ой қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

лрт

“Менің ойымша, Алматыға LRT керек. Қалада, өздеріңіз білетіндей, Төле би көшесінің бойында бұрын трамвай жолдары болған еді. Оны дамытуға мүмкіндіктер бар. Бұған дейін қоғамдық кеңесте мен LRT-ға қатысты шешімді қазан айына дейін қабылдаймыз деп айтқанмын. LRT бойынша Алматыда екі-үш жоба дайындалған. Қазіргі таңда олардың бағасына және әкімдіктің мүмкіншіліктеріне қараймыз”, – деді Досаев. 


Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы соңына дейін аяқталады: Тағы 577 миллион доллар қажет 


Еске салсақ, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға LRT мен BRT cалу үшін сызбалар дайындалып жатқанын айтқан болатын. 

“Сарапшылардың пікірінше, миллионер қалаға балама көлік түрі қажет, өйткені халық санының өсу динамикасы байқалады. Қазір LRT және BRT сызбалары дайындалуда. Алдағы уақытта бұл қалай қосылатыны туралы мәселені үкіметпен талқылаймыз. Дегенмен біз LRT енгізу үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастыратын боламыз", - деген еді Мұрат Әйтенов.


Алматыда тағы үш метро станциясы салынады

Талқылау