Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

LG MyView Smart Monitor-ға алдын ала тапсырыс беріп үлгеріңіз: webOS 23 платформасы премиум сапа мен ақылды функцияларды ұсынады

LG Electronics (LG) компаниясы Қазақстанда MyView Smart мониторларының желісін ұсынады. Бұл мониторларда стильді дизайнға ие жұқа корпус пен әсерлі техникалық сипаттамаларды мінсіз үйлестірілген. MyView Smart Monitor — бір экран, шексіз мүмкіндіктер. Бұл жұмыс үшін де, ойын-сауық үшін де жоғары сапалы бейне мен әмбебаптықты бағалайтындар үшін мінсіз таңдау.

MyView мониторлары webOS 23 платформасының негізінде жұмыс істейді. WebOS 23 – контентпен жайлы өзара әрекеттесу үшін LG әзірлеген инновациялық операциялық жүйесі. WebOS жоғары жұмыс жылдамдығымен, тұрақтылықпен және түйсік деңгейінде түсінікті интерфейспен мақтана алады. Жүйелі жаңартулардың арқасында әлеуетті қатерлер мен осалдықтардан қорғау қамтамасыз етіледі. Әмбебап жүйе интернетке қол жеткізу, браузер арқылы сайттар ашу, танымал стримингтік сервистерде фильмдер көру, қолданбалар орнату мен телеарналарды трансляциялау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, Smart TV-ның барлық мүмкіндіктерін біріктіреді. Пайдаланушы оны өз қалауына қарай бейімдей алады — виджеттердің орын ауыстыра алады, қажетсіздерін жойып, жаңаларын жүктей алады, тіпті жарнамаларды да алып тастай алады. Сонымен қатар, webOS 23 смартфонды қашықтан басқару пультіне айналдыра отырып, ThinQ қолданбасымен интеграцияны қолдайды. Бұл мониторды қосып-өшіруге, сондай-ақ контентті іздеуге, арналарды ауыстыруға және құрылғыны қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

LG MyView 32SR50F-W мониторы 32 дюймдік Full HD IPS дисплейімен жарақталған, ол бейненің ерекше айқындылығын және 178 градусқа дейінгі кең шолу бұрышын қамтамасыз етеді. HDR10 технологиясы түс берілісін жаңа деңгейге шығарып, әрбір кадрдағы жарқын және қанық реңктерден ләззат алуға мүмкіндік береді. Премиум сапаны іздейтіндер үшін 4K UHD IPS-дисплейі бар LG MyView 32SR83U-W моделі керемет детализация мен кристаллдай айқын бейнені ұсынады. DCI-P3 түсті кеңістігінің 95%-ын қамтитын бұл монитор стандартты sRGB мүмкіндіктерінен асып түсетін, шындығында да қанық әрі шынайы түстерді көрсетеді.

Жаңа мониторлардың тағы бір маңызды артықшылығы – олардың сымсыз функционалдылығы. MyView модельдері AirPlay 2 хаттамасын қолдайды. Бұл Apple құрылғыларының көмегімен контентті оңай және ыңғайлы алмасуды қамтамасыз етеді. ScreenShare функциясы мобильді құрылғылар мен компьютерлерден кескіндерді жіберуді жеңілдетеді. Орнатылған Bluetooth пернетақта, тінтуір мен динамиктер секілді түрлі перифериялық құрылғыларға сымсыз қосылуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ LG MyView Smart Monitor мониторы LG MyView 32SR83U-W моделінде екі USB портын, екі HDMI ағытпасын және USB Type-С портын ұсынады.

2024 жылдың 1 қазанынан бастап LG интернет дүкенінде жаңа MyView мониторларына алдын ала тапсырыс беру басталады, LG MyView 32SR50F-W моделіне алдын ала тапсырыс бере отырып, сіз сыйлық ретінде компьютерлік тінтуірге ие боласыз, ал LG MyView 32SR83U-W моделін таңдағанда — тінтуір мен пернетақта жиынтығын аласыз. Сонымен бірге, LG клубына қосыла отырып, Сіз көптеген артықшылықтарды пайдалана аласыз, соның ішінде 5% жеңілдігі бар сәлемхат купоны, 2% әрдайымғы жеңілдік пен барлық техниканы тегін жеткізу. Төлем жасаудың ыңғайлы тәсілін таңдаңыз: картамен, Kaspi QR, Apple Pay арқылы немесе артық төлемсіз 24 айға дейінгі мерзімге бөліп төлеу. Сондай-ақ тауарды алу кезінде қолма-қол төлеу мүмкіндігі қарастырылған .

MyView Smart Monitor. WebOS енді сіздің мониторыңызда.

Талқылау