Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы 179 мың долларға торт алдырған олигархты қолдады

Шымкенттік олигархтың тойына арнайы Ресейден әкелінген торт бірнеше күннен бері ел талқысында. Аста-төкте той жасаған олигархты жұрт жаппай сынауда. Алайда қолдап жатқандар да аз емес, деп жазады Stan.kz.

Мәселен, Ләйлә Сұлтанқызы той иесін қолдап, жастарға бақыт тіледі.

“179000 $ торты. Шымкент алға, жарайсыңдар, жастар бақытты болсын”, – деп жазды ол Telegram каналында.

Тележүргізуші шашылып, той жасағаны үшін олигархты сынап жатқандармен келіспейтінін айтты.

“Осы торт үшін ұрысып жатқандарды көріп, егер де сіздер де де сондай ақшаларыңыз болса істемейтін адамдай болмаңыздаршы дегім келеді. Бір блогерсымақ детектив болып зерттеу жүргізіп те тастапты, күлкілі”, – деп жазды ол.

Ол тіпті Telegram-да “Балам үйленсе, тойына барымды шашар едім” атты сауалнама жүргізді.

Жіберіп алмаңыз:

Билл Гейтстің өзі жемеген: Қоғам белсенділері елді шулатқан торт жайлы

Қазақ жігіті Ұлыбританияға шақырту алды

Алматы облысында ауыл әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр (видео)

Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңгелік торт қазақстандықтарды таңдандырды (фото, видео)

Талқылау