Қызы телесериалдың арқасында әкесін ажалдан құтқарып қалды
18 жастағы италиялық бойжеткен «Құштарлық анаомиясы» сериалынан үйренген әрекеті арқылы әкесін құтқарып қалды.
Әкесінің тыныс алмайтынын айтып анасы таң атпастан айқайға салады. Осы кезде қызы жедел жәрдемге хабарласып, диспетчердің айтуымен әкесіне жасанды дем береді. Ол әкесінің жүрегіне массаж жасайды. Өзі алғашқы көмек көрсетуді телесериалдан көргенін айтқан.
54 жастағы ер адам инфаркт алып емханаға жатқызылды. Жағдайы жақсарған соң үйіне жеткізілді.
«Құштарлық анатомиясы» сериалы 2005 жылы шыққан. Онда емханадағы оқиғалар мен дәрігерлердің өмірі баяндалады.
Тағы да оқыңыз:
Ер адам жасамаған қылмысы үшін 21 жылдан соң түрмеден ақталып шықты
Үнді баласының жұлынған тісі әлемдегі ең ұзын тіс деп танылды
1 жасар бала ойыншық пойыздың астына түсіп көз жұмды (видео)
Жас жігіт жұмысына макияж жасап баруға рұқсат бермейтінін айтып шағымданды
Талқылау