Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 5 облысында құстар белгісіз жағдайда өліп жатыр

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева еліміздің қай аймақтарында құс тұмауы жаппай тарап жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құс

Вице-министр қазіргі таңда қай аймақтарда құс тұмауы таралып жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол құс тұмауының қалай таралғаны туралы нақты деректер ұсынды.

"Қазіргі таңда 47 аймақта, 26 аудан мен 5 облысында құстар өліп жатыр. СҚО-да 27 аймақ пен 11 ауданда анықталған. Қазіргі таңда бұл облыстың 7 ауданынан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Ақмола облысында 9 ауыл мен 6 ауданда құс өлімі тіркелді. Құс тұмауының жаппай таралуы жабайы құстардың есебінен болған. Жабайы құстар қазіргі таңда солтүстіктен оңтүстікке ұшып жатыр. Жұқтыру жергілікті су қоймаларына жабайы құстар мен үй құстарының қатар қонуынан орын алған", - дейді Гүлмира Исаева. 

Еске салсақ, Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинация жасалатын болды. 

СҚО-да құс тұмауынан бір тәулікте 180 мың тауық қырылып қалды.

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Қыркүйек, 2020 13:40
Талқылау