СҚО-да құс тұмауынан бір тәулікте 180 мың тауық қырылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларының бірінде құс тұмауынан бір тәуліктің ішінде жұмыртқа беретін тауықтардың жартысынан көбін өлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

"Бүгін жұмыртқалайтын тауықтардың жартысынан азы қалды. Кеше кешке 180 мыңнан астамы өлді, бүгін тағы 30-40 мың бас өледі деп күтіп отырмыз. Қаздардың тұқымы мүлдем қалмаған. Бірнеше күннің ішінде ондаған мың құс қырылды. Біз инфекция таралмас үшін шұңқырлар қазып, құстарды өртейміз, тесіктерді сазбен жабатын боламыз", - деді "Бішкүл" құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бастаған арнайы жұмыс тобының кәсіпорнын аралау кезінде.

Костенко фабриканың құс тұмауына қарсы жаппай вакцинациялауға қаржылай дайын еместігін айтты. Қыркүйек айының басында мұнда тек 15 мың бас аналық үйрек вакцинацияланған.

"Біз бұл індеттің Солтүстік Қазақстанмен шекаралас аумақтарда өршіп жатқанын білгенде, біз үйректердің аналық тұқымдарын вакцинациялайтын болдық. Ал тауықтарға арналған вакцина жеткіліксіз болды. Біз қазір де үйректерді құтқарып жатырмыз. Олар аман қалады деп сенеміз", - деп түсіндірді технолог.

Ол құс тұмауына қарсы вакцинаның 1 мың дозасы орта есеппен 50 мың теңге тұратындығын түсіндірді. Бірақ құс фабрикалары субсидия алмағандықтан, мұндай қымбат вакцинация үшін кәсіпорындарда қосымша қаражат болған жоқ.



"Келесі көктемде не болатынын елестету өте қорқынышты. Кейбір тауықтар тірі қалса да, құстарды өлтіру керек болады. Өйткені олар құс тұмауының тасымалдаушысы болып табылады. Аймақтағы барлық құс фабрикаларының қызметі тоқтауы мүмкін. Құс фабрикасында 170 адам жұмыс істейді, демек, 170 отбасы қыстың алдында кіріс көзінсіз қалу қаупі бар", - деді Татьяна Костенко.

Гүлмира Исаева өз кезегінде вакцинация диагноз қойылған сәттен басталатынын атап өтті.

"Диагностика 16 қыркүйекте сағат 21.00-де қойылды. 17 қыркүйекте шектеулер мен вакцинациялау туралы шешім қабылданды, 19 қыркүйек таңертең вакцина облысқа мамандандырылған көлікте жеткізіліп, аудандарға таратылды. Вакцинаны жеткізіп, оны таратуға екі-ақ күн уақыт кетті", - дейді ол.

Исаева Отар қаласында орналасқан биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының жергілігімен жасалған 873 мың доза отандық вакцинаның Солтүстік Қазақстан облысына жеткізілгенін еске түсірді.

Вице-министр өлген құс иелеріне өтемақы нарық құны бойынша төленетінін, оны облыс әкімдігі жанындағы арнайы комиссия жариялайтыны туралы да мәлімдеді. 

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігінің комиссиясы облыстағы құс фабрикаларының басшыларымен кәсіпорындардың айналасында биологиялық қауіпсіз оқшауланған аймақтар құру туралы келіссөздер жүргізді. Егер барлық қажетті талаптар орындалса, облыстың құс фабрикалары өз өнімдерін еркін сату құқығын ала алады.

Еске салсақ, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы таралып жатқаны белгілі болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр