Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы таралып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары патогенді құс тұмауының таралуына қарсы шаралар жасалып жатыр. Вакциналар әкелініп, аумақтар дезинфекцияланады, өлген жануарлардың мәйіттері жойылып, құс еті мен құспен байланысты өнімдерді экспорттауға тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық анықтамалық орталық құстардың қырылуына жоғары патогенді құс тұмауы себеп болғанын анықтады. Қабылданған ережелерге сәйкес, Қазақстан эпидемиялық ауру туралы дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын қорғау ұйымын хабардар етті.

Тұмаудың таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылғы 17 қыркүйектен бастап тірі құстар мен инкубациялық жұмыртқаларды, мамық пен қауырсындарды, құс еттерін және құс өнімдерінің барлық түрлерін, құсқа арналған жем және жем қоспаларын экспорттауға уақытша шектеулер енгізді. Бұл шектеулер Тимирязевский, Жамбыл, Қызылжар, Тайыншинский, Шалақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында қатаң сақталады. 

Ерекше қауіпті ауруды жою үшін қазіргі уақытта Республикалық эпизоотияға қарсы отряд пен Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясы құс мәйіттерін жою, үй-жайлар мен ауланың аумақтарын дезинфекциялауды қоса алғанда, міндетті шаралар кешенін жүргізуде.

Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 873 мың доза отандық дәрі-дәрмектер бөлінді. Арнайы комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің эпизоотияға қарсы отряды өлген құстардың иелеріне жануарлардың орташа айлық нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төлейді. Өңірдегі эпизоотикалық жағдай министрліктің бақылауында.

Еске салайық, 26 тамызда Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі Ресей Федерациясының Омбы облысынан тірі құстарды, құс өнімдерін және онымен байланысты өнімдерді Қазақстанға әкелуге шектеулер енгізді, бұл патогенділігі жоғары құс тұмауының вирусына байланысты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр