Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан президентінің қызы тағы бір жалаңаш суретін жариялап, өзгелерге жауап берді

Қырғызстан президентінің қызы Әлия Шагиева суретін қызу талқылап жатқан көпшілікке жауап берді.

839ad5714078c0302f5bc7162a1811f3

Ол желіге баласын емізіп отырған суретін жариялаған болатын. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп, бірі мұның керемет сурет екенін айтса, енді бірі мұның ұят екенін айтып жатты, деп хабарлайды Zanoza.kg.

Әлия Шагиева оларға жауап ретінде тағы бір суретін жариялып, өз пікірін айтты.

«Бірінші қателік: әйел төсін сексуалдылыққа жатқызу. Екінші қателік: Ата-анасы лауазымды тұлғаларды кемсіту.

Әйелдің омырауы – бұл ешқандай сексуалдық көрініс емес, ол баланы тамақтандыру қызметін атқаратын адам денесінің маңызды бір бөлігі. Әйелдің кеудесі көпшілік ойлағандай ұятты жер емес. Бұл жайлы көпшілік мүлде ойлаудан қалған. Сондықтан ерлердің көзін тартар бөлікке айналдырып жіберді.

Өздері әйел омырауын сексуалды етіп танып алады да, кейіннен әйелдердің пластикалық ота жасатқанына қарсы шығады.

Қоғам әйелдің омырауын сексуалдық пен тәкаппарлықтың бейнесіндей жасап алып, кейін әйелдердің кеудесі әдемі көрінбесе, оларға жақтырмай қарайды. Ал, ол әйелдің сол омырауымен баласын емізе алатынын ескермейді де.

Қоғамда аналық махаббатты керемет деп бағалайды. Ал, өздері баласын емізіп отырған ананың суретіне «Қалай ұялмайды?» деп жирене қарайды.

Мен баламның қарны аш болса, кез келген жерде, мәселен, сауда үйінде, көлік салонында, қоғамдық саябақтарда омырауымды ашып емізе берем. Мен патриархиялық қоғамға ысырып жіберген әйелдерге осылайша үлгі болам.

Айта кетейік, Әлия Шагиева былтырғы жылдың қыркүйек айында программист Константин Рязановқа тұрмысқа шыққан еді. 20 наурыз күні ұлы өмірге келді. Ұлының есімін Таир деп қойды.

Тағы да оқыңыз:

Әлем президенттерінің талантты балалары (фото, видео)

Ресейлік бағдарламашыға тұрмысқа шыққан Атамбаевтың қызы той туралы айтып берді

Қырғызстан президентінің қызы жалаңаш суретін жариялап елдің сынына ілікті

Талқылау