Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құрбысы алдап шақырып, шығармай қойған": Алматыда терезеден құлап қаза тапқан қызға қатысты жаңа видео тарады

Фото: Видеодан скрин

29 мамырда Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болған Ақнәр Гүлстанның қазасына қатысты баспасөз жиыны өтті. Адвокат Инга Иманбай мен марқұмның анасы қылмыстың алдын ала жоспарланып, қасақана жасалғанын дәлелдейтін тың материалдар ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желіде марқұм Ақнәрге қатысты түрлі мәліметтер, қарсы тараптың уәжі жарияланып жатқанын айтты. 

“Бұл істі қолға алғалы қылмыстың түрлі тұстары ашылып жатыр. Ақнәрға қатысты қылмыс болған күні екі қыздың жанында сыбайласы болғаны, екі қыздың іске қатысы бары қазір анықталып жатыр. 2024 жылдың 12 сәуірінде құрбысы Дидар Ақнәрді бірге тамақтануға шақырған. Екеуі бірге тамақтанып болған соң Дидар біздің үйге қона сал, жалғызбын деп айтады. Ақнәр құрбысының үйіне барған кезде Ұлбақ есімді жігіт жүргенін көреді. Сол жерде Ұлбақ марқұмға зорлықтан тыс жыныстық сипаттағы әрекет жасайды”, – дейді адвокат. 

Оқиға видеоға түсірілген. Кадрлардан ер адамның Ақнәрді терезені ашып, Ақнәрге секіріп кет деп айтқанын көруге болады. Видеоны Ақнәрді тамақтануға шақырған Дидар есімді құрбысы түсірген. Енді адвокат видеоны тергеу органдарына беріп, бірқатар қылмыстық баптар бойынша сараптама жүргізуді сұрамақ. Өтінішхат мына баптар бойынша жіберілмек: 

Бас бостандығынан заңсыз айыру;

Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері;

Өзін-өзі өлтіруге итермелеу;

Ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау;

Өз бетімен әрекет ету – бөтен адамның жеке заттарын заңсыз иемдену.

Инга Иманбайдың сөзінше, Ақнәр видеодағы адамды мүлде танымайды. Қыз пәтерден қашып шықпақ болғанымен, ер адам оны жібермей қойған.

“Оның ар-намысын қорлап, балағат сөздер айтып, жеке заттары, телефоны мен сөмкесін алып қойған. Қызға психологиялық қысым жасау үшін "секір" деп, терезені ашқан. Видеода оның кеткісі келгені көрінеді. Мұның бәрін ұсынылған видеодан анық байқауға болады. Белгілі болғандай, түнгі сағат үште ол қыздардың адвокаты болған, бұл сұрақ туғызады", – деді адвокат Инга Иманбай.



Баспасөз жиынында Ақнәрдің анасы мен заңгері бұл қылмыстың алдын ала жоспарланып, әдейі жасалғанын айғақтайтын материалдарды ұсынды. Сондай-ақ видеода көрінген ер адамның осы іске қатысы, екі күдікті қызбен бірлесіп әрекет етуі мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы әділдік сұрағанын жазған едік. Марқұм Ақнәр Қамитованың анасының айтуынша, қызы өздігінен құлаған жоқ. Оны екі құрбысы тырнағы мен саусағын жұлып, азаптап өлтірген. Кейіннен Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тағы бір нұсқа айтылып, оның жігітімен жанжалдасқаны жеткізілген.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 30 Мамыр, 2025 17:56
Талқылау