"Құранда Інжіл кітабы жоққа шығарылмайды": Құранды орыс тіліне аударған публицист қасиетті кітаптағы өзге діндер туралы айтып берді
Публицист Серік Рысжанов Құранның орыс тіліндегі аудармасын дайындаған. Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында ол дін туралы заң мен қасиетті кітаптағы тыйымдар, өзге діндер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Серік Рысжановтың сөзінше, Құранда оған дейін түскен Інжіл сынды кітаптардың бұрмаланғаны туралы мүлде айтылмаған.
"Құранда дін өкілдері кітаптағы сөздердің орынын ауыстырғаны туралы айтылған. Мәтінді бір рет қана жазасың. Ал айту, түсіндіру кезінде орындарын ауыстыруы мүмкін. Бұл – жәй ғана манипуляция жасау. Құранда былай дейді: "Егер бір нәрсені білмесеңдер, өздеріңе дейін өмір сүрген және білетіндерден сұраңдар". Яғни олар Інжіл секілді кітаптарды басшылыққа алған", – деді публицист.
Публицист сұхбат кезінде Құран қағидалары Інжілді жоққа шығармайтынын мәлімдеді.
"Қазір молдалар мұсылмандарға Інжілдің бұрмаланғанын сіңіріп тастаған. Кез келген мұсылман солай дейді. Бұл – Құранның қағидасына жат", – деп қосты ол.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"