AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құпия ашылмас үшін әдейі өлтірген": Абай облысында мерт болған әскеридің туыстары оның өзіне қол салғанына сенбейді

Семейдегі әуе қорғанысы әскери бөлімінде қызмет атқарған офицер Бақытжан Әріпжанның денесі жер қойнына тапсырылды. Марқұмның туыстары 41 жастағы рота командирінің орынбасары болған Бақытжан өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді. Туған жері Шымкентке қызметін ауыстырмақ болған бес баланың әкесі өмірге құштар жан болғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
әскери

Бақытжан Әріпжан екі жыл бұрын қызметі Түркістан облысынан Семейге ауысыпты. Бірақ туған жеріне қайта қызметін ауыстыруға әрекет жасап, бүгін-ертең бұйрығын күтіп отырған еді дейді жақындары.  

“Бұл жерде бір топтардың өзара бір шешілмеген мәселелері бар. Ол бұл жақтан барған. Білуімізше, ана жақтағы топтарға кірмеген. Өйткені ол ондай жұмыспен айналыспайды. Содан кірмеген соң, олар оны лажы болса шеттетіп, көзін құрту керек болған. Ол Шымкентке ауысу керек еді. Шымкентке келсе, құпиялары жария болып кете ме деп, көзін құртуы мүмкін. Мен солай ойлаймын”, – деді марқұмның әкесі Құлыбек Әріпжанов. 

“Өзі өмірде белсенді жігіт еді. Жан-жақты дөңгелетіп, жұрттың бәріне жақсылығын жасап, күлімдеп жүретін. Ұрыссаң да, күліп қоятын. Сондай жігіт еді. Ондай адамдар сирек қой”, – деп қосты туысы Әмірхан Әбенов. 

Әйелі, бала-шағасы Шымкентте жүрген Бақытжан Әріпжан қайтыс болардан бірер сағат бұрын қарындастарының бірімен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіпті. Үш жастағы қызына қайырлы таң тілеп, амандық-саулықтан соң әңгімені келте қайырған. Тұтқаны қоймас бұрын арғы жақтағы біреулерге "Камаз келді ме?" деп қатты дауыстап сұрағанын естідік дейді туыстары. Кейін хабарласармын деген соңғы сөзінен 2-3 сағат өткенде, қайғылы жағдайдан хабар жеткен.



Ал қаралы хабар келмес бұрын Бақытжанның телефонынан әйеліне Жанар Хамитованың орындауындағы "Қоштаспайықшы" әні жіберіліпті. Туыстары бұған да күмәнмен қарап отыр. Ал әскери бөлімдегілер Бақытжан Әріпжан кезекшіден тапанша алып, қару тазалайтын бөлмеде басына оқ атқан деді. 

“Офицер Аягөзде қаза тапты. Ол бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан қандай да бір артық ақпарат бере алмаймын”, – деп мәлімдеді Семейдегі № 31767 әскери бөлімінің командирі Айбол Өтегенұлы. 

Аягөз қаласынан Шымкентке әскерилер жеткізген мәйітке марқұмның туыстары бөлек сот-медициналық сараптамасының өткізілуін талап еткен. 102 нөміріне қоңырау шалып, полицияға қойған талап-тілегі нәтижесінде Шымкентте де сараптама жасалды. Аталған жәйт бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында марқұмның туыстары күмәнді жағдайлардың барлығын жан-жақты тексеруді талап етіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр