Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылды
Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Абай облысында оқтан көз жұмған әскери қызметкердің денесі табылды.
Алдын ала дерек бойынша ол өз өзіне қол жұмсаған. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз.
"Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Марқұмның артында әйелі мен 5 баласы қалған", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Әскери қызметкердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге деректері жария етілмейді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады