Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құлағы естімейді деді": Кенжебек Жанәбілов ұлы туралы айтты

Кенжебек Жанәбілов ұлы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап.

Кенжебек Жанәбілов ұлы Ахметбектің жағдайы туралы айтып берді. Ол ұлының өмірге келуі отбасына өзгеріс алып келгенін айтты. Алланың берген сынағына бағынғаннан басқа амал жоқ дейді өнер иесі.

"Ол мен үшін жүрегімнен ерекше орын алатын бала. Ол шынымен де өміріме көп өзгеріс алып келді. Өйткені ол өмірге келген кезде Алла басымызға сынақтар берді. Туылғаннан кейін естімейді деді. Бірден ондай сөз естіген кезде көңіліміз болмай, Алла сынақты сүйген құлына береді ғой деп өзімізді өзіміз имандылықпен тоқтаттық", - дейді Кенжебек Жанәбілов. 

Туылғаннан құлағы естімеген бүлдіршін бүгінде ептеп сөйлеп жүр. Перзентінің жазылып кетуі үшін барын салғанын жасырмады өнер иесі. Елімізде дәл осы ауруға шалдығатын балаларыдың саны көп екенін айтқан Кежебек Жанәбілов ешбір адамның отбасына тілемес едім деп ағынан жарылды.

"Қытайға бардық, Германияға бардық. Осы балам папа мама деп айтса той жасаймын дедім. Ислам жағынан көп нәрсеге бет бұрдық. Қазір мұндай баланың саны көп. Отбасыларға мұндай жағдай бермей-ақ қойсын", - дейді Кенжебек Жанәбілов.

Талқылау