КВН жұлдызы жол апатынан мерт болды
КВН қатысушысы және "Утомленные солнцем" командасының жұлдызы Елена Рыбалконы көлік қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Елена Рыбалко Адлерде көліктің қағып кетуінен қаза тапқан. Ол рұқсат етілмеген жерде қарбалас тас жолдан өтпек болып, оны Toyota көлігі қағып кеткен.

Рыбалко оқиға орнында қаза тапты. Ол 53 жаста еді.
Елена Рыбалко "Утомленные солнцем" командасының құрамында Михаил Галустян және Александр Реввамен бірге КВН Жоғарғы лигасында бақ сынаған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады