Кузбасс шахтасындағы жарылыс: Жоғалып кеткен үш құтқарушының денесі табылды
Кузбасстағы Листвяжная шахтасындағы өртті сөндіру кезінде жоғалып кеткен үш шахта құтқарушысының денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости” басылымына сілтеме жасап.


Бұған дейін 11 кенші төтенше жағдайдан зардап шеккен болатын.
"Листвяжная" шахтасынан төтенше жұмыстардың тоқтатылғаны туралы хабарланғаннан кейін шығуы тиіс құтқарушылар тобымен байланысу мүмкін болмаған еді.
Бейсенбі күні таңғы сағат 08:30-да (Мәскеу уақытымен 04:30) Кузбасстағы Листвяжная шахтасында түтін шыққан.
Төтенше жағдай кезінде жер астында 285 адам болған, олардың көпшілігі жер бетіне шығарылған. 11 кенші қаза тауып, 60-ы жараланды, оның 38-і ауруханаға жатқызылды.
Облыста 26-28 қараша аралығында үш күндік қаралы күн жарияланды.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"