Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінен сегіз жас үлкен Жанель Мақажан мәһрге не сұрағанын айтты

Жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жанель Мақажан әлеуметтік желіде оқырман сауалдарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

©instagram.com/abay.asylkhan

Желі қолданушылары актрисаның мәһрге не сұрағанын білгісі келіп, сауал жолдады. Абай Асылхан жарының сұраған сыйлығы өзгелерден ерекшеленгенін жасырмады.

“Бұған дейін көп нұсқаларды көрдім, естідім. Мәһрге алтын, телефон, көлік сұрайды. Бірақ менің таңғалғаным және риза болғаным, бұл кісі менен сенімін, иманын күшейту мақсатында Исламға байланысты кітаптар сұрады. Сол кезде көзіме жас келді. Бұл мен үшін үлкен көрсеткіш. Адам дүниеге емес, менің жан дүниеме қызықты. Шүкір, алып бердім. Қазір соның жемісі, орамалда”, – дейді актер.

“Сіздер қалай таныстыңыздар?” деген сұрақ та жауапсыз қалмады. Ерлі-зайыпты концертте танысқан. 

“Біз концерттердің бірінде таныстық. Мен ол кезде студентпін, ал сіз өнер жолында едіңіз. Кейін әлеуметтік желіде сіз маған жазылдыңыз, ал мен сізге жазылдым”, – дейді актер.

Бұған дейін актриса күйеуіне өзін тоқалдыққа ұсынып жүрген қыз-келіншектердің көп екенін айтқан болатын.

Талқылау