"Күйеуіме жылы пәтер тап дедім": Тоқалдың асты-үстіне түскен бәйбіше қазақстандықтарды таңғалдырды

Күйеуіне тоқал алып беріп қана қоймай, оның өзі мен балаларының жағдайын жасаған Зухра Бейсенбекова қазақстандықтарды қайран қалдырды. Тіпті, бір кездері күйеуінен тоқалына жылырақ пәтер алып беруді өтінген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 

бәйбіше

«Ол әйел жаман екі бөлмелі пәтерде тұрды. Мен күйеуіме «Жылы пәтер тауып берсеңші» деп өтініш айттым. Жағдайын жасап, кір жуатын машина алып бердім. Өзім көшіріп, заттарын алдым. Қарым-қатынасымыз жақсы болды. Асханаға барып, бірге шай ішіп дегендей», - дейді Зухра Бейсенбекова. 

Алайда екінші әйел болуға келісімін берген келіншек басқаша сөйледі. Ол бәйбіше күн көрсетпегеннен кейін Оңтүстік Корея еліне кетіп қалғанын айтады. 

«Үйге кіріп келсе, күйеуіне қоңырау шалады. «Мылтықпен өзімді атып өлтіргелі жатырмын» дегендей. Осылай күйеуінің жүрегін жарады. Кейін маған хабарласады. «Сен осындайсың, кет» деп күн бермейді. Оны «Алтын ордадағы» барлық адам біледі. Бір күні «Мен кетемін. Әйеліңнен шаршадым» дедім. Оның өзі де шаршап, әйелінен түңіліп кеткен. Әйелі қорқытып, күнде артынан аңдиды. Сосын мен «Құрсын, мен кете салайын» дедім. Байдан шығып, байға тиіп қателесуден шаршадым. Әйтпесе, 4 баламды тастап Кореяда нем бар?» - дейді келіншек. 


Тағы оқыңыз: Әлия Байділдаева кәмілеттік жасқа толмай жатып әкімнің тоқалы болған


Зухра Бейсенбекова арада кішігірім ғана ұрыстар болды деп ақталды. Айтуынша, бір емес, бірнеше рет кешірім сұрап, отбасылық үшбұрышты сақтауға әрекет жасаған. 

«Айтқан сөзі өтірік. Арасында ұрысқандарым болды. Ол маған мазақтап жазған соң, мен ұрыстым. «Мен саған байымды беріп, осындай сөз естуім керек пе?» дегендей. Ұрысқаным үшін үш рет кешірім де сұрадым. Қойшы, бұрынғыдай тату болып, сөйлесіп жүре берейік деп. Ол маған тағы да жаман сөздер айтты», - деп ақталды келіншек. 

Естеріңізге сала кетсек, Қызылордада әйелдің ұлын ішіне жын кірді деп полицияға тапсырғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр