Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуіме ол ерсі емес": Мәдина Сәдуақасова жалаңаш образы үшін сын айтқандарға жауап берді

Қазақ эстрадасында ерекше орны бар, қылықты қызымыз Мәдина Сәдуақасова жалаңаш образы үшін өзіне сын айтандарға жауап берді. 

Бұл туралы "Ел аузында" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Мәдинаның кезекті фототүсірілімі көптің талқылауында болды. Төсі жартылай көрінген әншіні сөге жамандағандардың саны басым бұл жолы. Олар әншіні жеңілтек қыздарға да теңеп жатты. Күйеуіне сын келтіргендер де бар. Алайда әнші мұнымен келіспейді. 

"Мен бұл жағдайды мүлде түсінбедім. Ол менің күнделікті өмірде киіп жүрген киімдерім. Оның сонша ерсі көрінетінін білмедім. Күйеуіме де сын айтып жатыр. Бірақ ол режиссер. Ол маған жаман көзімен қарамайды. Ешқандай ерсілік көрген жоқ", - деді әнші. 

Айтуынша, бұрынғыдай су киімімен бейнебаяндарға түсе алмайды, оған жолдасы тыйым салған. Ал, аздап жартылай фототүсірілім жасаудың сөкеттігі жоқ дейді. 

"Бұрын "Сүйген жүрек" әнімнің бейнебаянында жалаңаш, купальникпен шыққанда, ешкім сын айтпаған. Енді бұл жолы бәрінің көзіне түсіппін",- деді ол.

 

Талқылау