Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуі қорғаныс министрлігінде істейді": Депутат "Сендерді Путинге айтамын" деп сес көрсеткен әйел туралы айтты

Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінде орыс сыныбын ашуды талап еткен ананың "Сендерді Путинге айтамын!" деп сес көрсете айтқан сөзі қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді. Парламент мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында көпшіліктің сынына ұшыраған әйелдің күйеуі қорғаныс министрлігінің офицері екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Путинге айтамын

Депутаттың өзі талап етуші ата-аналардың қатысуымен мектепте өткен сол жиналыста болған. Өзінің айтуынша, әйелдің айтқан сөздерін ауыр қабылдаған.

"Бұл – жақсы белгі емес. Өйткені ол ананың өзінің тәуелсіз мемлекеті бар, ол мемлекетінің тәуелсіз президенті бар. Сөйте тұра басқа елдің президентіне шағым жасаймын дегенінен патриоттық сезімнен жұрдай екенін байқауға болады. Бұл – біздің ұлттық идеяны 30 жылдың ішінде дұрыс жүргізе алмағанымыздың көрінісі. Сонымен қатар бұл сөздерді айтқан әйелдің күйеуі қорғаныс министрлігінде білдей бір офицер екен. Сонда бізді қорғайды деп сеніп жүрген офицердің әйелі осындай сөз айтып тұрса, басқасынан не күтуге болады?!" – дейді Әлтаев.



Депутат әйелдің бұл сөздері отбасындағы қазақи ахуалдың қандай екенін көрсетіп береді дейді. 

"Сондықтан біз әскери адамдардың отаншылдық, мемлекетшілдік көзқарасын қатаң бақылауымыз қажет. Біз осымен күресуіміз керек", – деп қосты депутат.

Талқылау