AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Концертке жастарды автобуспен әр қаладан алып келмек болған": Нұр-Сұлтан қаласындағы тегін концерт төңірегінде дау туындады (видео)

Кәсіпкер Марат Әбиев әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласындағы "Барыс Арена" спорт кешенінде жұлдыздардың қатысуымен тегін концерт өтетінін мәлімдеген. Алайда кейін қала әкімдігі мен "Барыс аренаны" басқаратын компания ресми мәлімдеме жасап, концерттің өтпейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, астанадағы концертке қатысу үшін кәсіпкер әр қаладан жастарды автобус алып келмек болған. 

"Егер Тараз қаласынан 10 автобус, әрқайсысында 50 адам болса, мұны 500 адам деп санай беруге болады. Автобустар өзге облыстардан да келе жатқан. Бір шетінен бұл концерт емес, бұдан үлкен нәрсе секілді", – дейді ол. 

Журналистің сөзінше, Марат Әбиев концертті өткізу үшін "Барыс Аренаның" қаржысын төлеп қойған. 

"Кештің басты қонағы Ирина Кайратовна болуы керек болған. Басшылық қайда қараған, бірден әрекет етпей, неліктен полицейлер тасжолдарда автобустарды тоқтатқан", – деп түйіндеді Михаил Козачков. 

Ал Facеbook қолданушысы концерт жайы жарнама еш жерде жарнамаланбаған дейді. 

"Ақпарат көздерінде ол жігіттің Марат Әбиевтің кәсіпкер екені көрсетілген. Ендеше, оған тегін концерт өткізуге не себеп болғаны белгісіз. Әйтеуір түсініксіз тұстары көп. Бұл туралы құзырлы органдар алдағы уақытта ақпарат бере жатар", – деп жазды желі қолданушысы.

Кейін 8 мамырға ұйымдастырылған концерт туралы қала әкімдігі жауап беріп, концерттің өтпейтінін мәлімдеді. 

"Концерт жоспарланған жоқ және өтпейді. "Барыс Арена" ғимаратының басшылығы, оның ішінде елорданың спорттық-мәдени нысандарын басқаратын MTEXmanagement компаниясы да қала тұрғындарына концерт өткізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты", – делінген астана әкімдігінің хабарламасында.

Ал "Барыс Аренаны" басқаратын компания өкілдері "Zhan Alem Group" ЖШС концерт жоспарланған күннен 6 жұмыс күні бұрын, яғни 28 сәуірде шараның реті мен ережесі, ұйымдастыру шарттары туралы ақпарат ұсынуы керек болған.

"Келісімшарт талаптарының осындалмауы, келісім мерзімінің бұзылуы, рұқсат құжаттарының болмауы, соның ішінде Нұр-Сұлтан полиция департаментінің рұқсаты болмауына байланысты ұйымдастырушыға концерттің өтпейтіні туралы хабарлама жіберілді", – деді "Mtex management" компаниясының басшысы Асхат Мұқашев. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі 8 мамырда "Барыс Аренада" жұлдыздардың қатысуымен концерт өтпейтінін мәлімдеген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр