"Күтпедік": Aii мен Adil лақап атымен танылған блогерлер қуанышты жаңалығын бөлісті
Әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп, екі жаққа кеткен Аий мен Адиль жақында ата-ана атанбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: aii_officiiall
Aii мен Adil лақап атымен танылған отандық блогерлер Әйгерім Абдуллаева мен Әділ Жалмағамбетов көптен бері жұрт алдында бірге көрінбей кетті. Ғашықтар әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп, көпшіліктің күмәнін арттырған еді. Көп ұзамай желі оқырмандарының арасында жұлдызды жұптың ажырасып кеткені жайлы да қауесет те тарады.
“Қуанышты жаңалықты бөлісетін сәт келді. Біз көз тимес үшін бірге түскен суреттеріміз бен видеоларымызды өшіріп тастадық. Құттықтап қойсаңыздар болады, біз жақында ата-ана атанамыз. Бұйырса, ата-ана деген қуанышқа бөленеміз", – деп жазды болашақ ана.
-
"Әкесі 59-да, анасы 42-де": Гендер пати жасаған ерлі-зайыптылардың видеосы қызу талқыланып жатыр
-
"Жігітім алдап кетті": Өз-өзіне пышақ сұғуға әрекеттенген жүкті келіншектің оқиғасы жұртты шошытты
Сонымен қатар эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова да ата-ана атанатын жас жұбайларды құттықтап, жеке парақшасына видео жүктеді.
“Өзім ұзатқан Аий жақында ана атанады екен. Ішінде тағы бір өзі сияқты сұлу қыз жатыр екен”, – деп сүйіншіледі өнер иесі.
Блогер бірден гендер патидің нәтижесін жариялап, жақында дүниеге қыз келетінін айтты. Ал көпшілік ерлі-зайыптыны құттықтап, ақ тілегін жаудырды.
Еске салайық, Қазақстандық әнші Adil Мәскеуде күтпеген жүлдеге ие болғанын жазған едік.