"Әкесі 59-да, анасы 42-де": Гендер пати жасаған ерлі-зайыптылардың видеосы қызу талқыланып жатыр
Егде тартқан ерлі-зайыптылар ұйымдастырған гендер-патидың видеосы желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушыларын қызықтырған жайт – ерлі-зайыптылардың жасы. Әкесі 59 жаста болса, анасы 42 жасында тағы бір мәрте ана атанбақшы. Жұбайлардың достары бірі ұл десе, екінші тарап егіз қыз күтетіндерін де жасырмады.
Ал желі қолданушылары жақында дүние есігін ашатын сәбиге ұзақ өмір тілеп жатыр. “42 жасымда Швецияда босандым. Әйелге қай жасында да бала көтерсе кеш емес десе, енді бірі “жолдасым екеуміз 52 жасымызда қызды болдық”, – дейді. Кейбір оқырмандар әйел мен еркектің қартайып балалы болуы түрлі синдромдарға қауіп екенін айтып сақтандырды.
Дереккөзге сүйенсек, ерлі-зайыптылардың екі ұлы бар, енді тағы бір қамшыұстар дүние есігін ашпақ
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген