"Күшім кетіп, әлсіреп қалдым": Құрманай Бақтиярқызы денсаулығына алаңдаған халыққа алғыс айтты
Танымал сазгер, композитор Құрманай Бақтиярқызы денсаулығына алаңдап жатқан халыққа алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/
Сазгер жеке парақшасына видео жүктеп, денсаулығына алаңдаған халыққа қазіргі жағдайын баяндады.
“Қазақ елімнің барына рақмет! Менімен ауырған жанына, маған дұға арнап атқызған таңына, шексіз, шетсіз алғыс айтамын. Қолыма парақшамды енді алдым. Палатаға шыққаныма біраз уақыт болды. Бірақ әлі де оңала алмай жатырмын. Еліме алғыс айту үшін желіге кірдім. Әлсіздік болғанымен көңілім орнында. Бәріңізді жақсы көремін”, – деп жазды композитор.
-
"1 айға дейін күтім керек": Танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповқа ота жасалды
-
"Бәрі жақсы": Мейрамбек Беспаев денсаулығына алаңдап жатқан көпшілікке алғыс айтты
Желі қолданушылары сүйікті ақынының денсаулығы оңалғанына қуанып, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Әбден қорқыттың ғой, аман-есен болшы!”, “Сен үшін қатты уайымдадық”, “Алла жаныңа шипа берсін!”, “Еркелей беріңіз, тек ауырмаңыз”, “Осыншама отаны көтерген жүрегіңнен айналдым” деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, Құрманай Бақтиярқызының жансақтау бөліміне түсіп қалғанын әнші Алтынай Жорабаева хабарлаған еді.