Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауыр халде жатыр": Ақын Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр берді

Талай хит әндердің авторы, ақын, композитор Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Әнші Алтынай Жорабаева жеке парақшасында оқырмандарынан дұға жасауды сұрады. 

“Алла шипасын берсін, Құрманайым! Қымбатты, оқырмандарым, Құрманай Бақтиярқызына дұға жасап қойыңыздаршы! Құрманай қыздарыңыз ауыр халде жатыр", – деп жазды әнші. 

  Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Ақынның өзі парақшасына осыдан екі апта бұрын ғана сатқындық туралы жазба жариялаған. 

“Қаншама сатқындықтың ащы дәмін татсам да, мені дұшпан санағандармен сәлемді үзген емеспін. ”Алла кешіріп иман мен хидаят берсін” деген сөзім өзімнің жолымды ашқанына өзім таңғаламын. Дұшпанға дос көзбен қарап, бас изеу кең пейілді мейірімділердің қолынан келетінін ұмытпаңыздар! Сыртымнан күнәмді төккендеріңіз үшін шексіз алғыс білдіремін”, – деп жазды ақын. 

Желі қолданушылары мен әншінің оқырмандары сазгердің сауығып кетуін тілеп жатыр. 

Талқылау