"Бәрі жақсы": Мейрамбек Беспаев денсаулығына алаңдап жатқан көпшілікке алғыс айтты
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаевтың денсаулығы сыр берді. Осыған қатысты Мейрамбек Беспаев Stan.kz тілшісіне пікір білдірді.
Фото: https://www.instagram.com/m_besbaev/
Өнер жұлдызының денсаулығына ақпарат агенттігінің ұжымы да алаңдап, жағдайын білмек болып қоңырау cоқты. Алайда WhatsApp желісі арқылы хабарласқанымызда “Бәрі жақсы”, – деп қысқа қайырды әнші.
“Revue News” бағдарламасының мәліметіне сәйкес, өнер иесі сырқаттанып тұрса да, өнердегі досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысқан. Айтыскер ақынның концертіне санаулы сағаттар қалғанда әншінің денсаулығы сыр берген. Өнер иесі күтіп отырған қалың көрерменді ескеріп, дәрігерлерден жарты сағатқа сұранып, поэзиялық кеште төбе көрсетті. Оның үстіне айтыскер ақын – әншінің ел аузында жатталған талай хит әндерінің авторы.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады