Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Курьер 12-қабаттан құлаған 2 жастағы қызды құтқарып қалған

Жеткізу қызметінің қызметкері Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлаған екі жасар қызды қағып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Көрші үйдің тұрғындары 2 жасар қыздың балконға өрмелеп, жоғары биіктікке көтерілгенін видеоға түсірген. Адамдар айқайлап, көмекке шақырды, бірақ бала құлап қалған.

Курьер Нгуен Нгок Ман осы сәтті пайдаланып, бірінші қабаттың күнқағарына көтеріліп, қолын созып тұра қалған.


Екі ер адам зорламақ болған: Ұлттық ұлан сарбазы көшеде зорлыққа түскен қызды құтқарып қалды 


"Мен көлікте отырдым және қарама-қарсы ғимараттағы клиентім заттарын алып кетуін күтіп отырдым. Баланың жылағанын естіп, ата-анасы оны ұрып жатыр деп ойладым. Көп ойланған жоқпын, бірден қызым есіме түсті, осылайша, сәбиді құтқаруға тырыстым", - деді ол.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, нәресте жақын маңдағы ұлттық балалар ауруханасына жеткізілді, онда оған көмек берілді. Осы уақытта жергілікті тұрғындар батыр деп таныған Нгуен Нгок Ман қолының сіңірлері тартылып қалған.

 

Талқылау