Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі ер адам зорламақ болған: Ұлттық ұлан сарбазы көшеде зорлыққа түскен қызды құтқарып қалды

Шымкент тұрғыны қызды зорлаудан құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 ақпанда  Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің сарбазы қызды зорлықтан құтқарып қалды. Ұлттық ұланның хабарлауынша, Артем Калашников қыздың көмек сұраған дауысын естіген. Ұзақ уақыт ойланбастан әскери қызметкер қыздың дауысы шыққан жерге жүгіреді. Онда қызды зорламақ болған екі ер адамға тап болды.

Артём ерлердің бірін ұрып жіберді де, бірден екінші шабуылдаушыға қарай ұмтылды. Олардың арасында төбелес басталып кетті. Сарбаз қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолдана отырып, қаскүнемдердің бірін бұрап ұстады, ал екінші күдікті қашып үлгерді.

Ұсталғаннан кейін оқиға орнына полиция шақырылды. Күдікті Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

«Қыздың дауысын естіген бойда мен ол жерге дереу бардым. Менің орнымда бәрі осылай жасар еді деп ойлаймын», - деді Калашников.

Күдіктілерді ұстау кезінде сарбаз қолын жарақаттады, соған қарамастан полиция келгенге дейін күдіктіні ұстап тұрған.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, екінші күдіктіге ұстау жоспары жарияланды.

Талқылау