AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күні бойы аңдыған: Алматылық бойжеткенді бұрынғы жігіті айырылысып кеткені үшін соққыға жыққан

Алматылық бойжеткенді бұрынғы жігіті үйіне шығарып салып келе жатқаннын кейін қатыгездікпен ұрып-соғып кеткен. Қыздың құрбысының сөзінше, аталған жайтқа қатысты полиция ешқандай әрекеттерді қолға алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 4 ақпаннан 5 ақпанға қараған күні кешке болған.

“Оның есімі Батырбек. Олар бір ай бұрын айырылысқан. Сол күні жігіт күні бойы қызды аңдыған. Сағат кешкі 9-ға қарай ол құрбысының үйіне тырнақ жасатуға келген. Ол жақтан түнгі сағат 2-де қайтқан, себебі шай ішуге қалып қалған. Жігіт күні бойы подъездің жанында оны күтіп тұрған. Содан соң қыздан оған мүмкіндік беруін сұрап, сөйлесуге тырысқан. Артынан қалмай, қыздың чемодандарын үйіне дейін жеткізіп берген.

Подъезге кіріп бара жатқанда қыз онымен ары қарай қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтінін айтқан. Осы кезде ол қыздың телефонын тартып алып, оған шабуыл жасаған. Содан соң жәбірленуші полиция мен жедел жәрдем шақырады. Ал полиция бұл тұрмыстық жайт деп, жігітке ештеңе болмайтынын айтқан”, – деп жазады оқиға туралы “Не молчи” қорытының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Желіде таралған видеода ер адамның қызды ұрып-соққаны, құлап жатқан қызды басынан тепкені көрінеді. 

Алматы қаласының полиция департаменті аталған факті бойынша тергеуді Әуезов аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатқанын хабарлады.

“Қыз алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша болған оқиғаға баға беріліп, түпкілікті шешім қабылданады”, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр