Қуат Хамитов: Кімде кім Боратты ұстап алып видео түсірсе, оған 1 млн доллар сыйақы беремін
Қуат Хамитов Боратты ұстаған адамға 1 млн доллар сыйақы беретінін айтты. Спортшы өзі мен достарының атынан көлемді сыйақы беруге дайын. Себебі оған өз елінің намысы қымбат.

Бұл туралы спортшы Ревю бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Бұл жолы спортшы Борат авторына қатысты ойын айтты.
"Боратқа қатысты ешнәрсе айтпаған едім. Енді айтайын. Егер кімде кім Боратты ұстап, оны төмендеткен күйде видеоға түсірсе, оған өз атымнан және достарымның атынан 1 млн доллар сыйақы беремін. Бұл өтірік әңгіме емес", - деді спортшы.
Хамитов бұның өтірік емес шынайы екенін жеткізді. Алайда желідегі қолданушылар бұның жай ғана хайп екенін айтып жатыр. Қуат Найман үнемі осылай шоу жасап, хайп қуады деп сенбеді.
"Бұлай бәрін жаппай жазалауға шақыруға болмайды", "Оның соңы жаппай наразылық тудыруы мүмкін", "Таспен атқанды аспен ат деген, ұрып ешкімді жеңе алмаймыз", - деп жазды олар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі