Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатының рекордын жаңартты
“Әл-Наср” және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатының соңғы турында жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/alnassr
Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатының 34-турында "Әл-Иттихад" командасының қақпасына дубль жасап, "Әл-Наср" командасы 4:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша португалиялық футболшы биылғы маусымдағы голдарының санын 35-ке жеткізіп, лиганың тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетіп отыр. Бұған дейін Сауд Арабиясының чемпионатында бір маусымда ешкім бұндай нәтижеге қол жеткізбеген. Алдыңғы рекорд Абдерразак Хамдаллаға тиесілі еді. Ол 2018/2019 жылғы маусымда 34 рет мергендік танытқан.
Айта кетейік, Роналду Сауд Арабиясында гол+пас нәтижесі бойынша да рекорд жаңартты. Аты аңызға айналған шабуылшы 35 голдан бөлек, 11 нәтижелі пас берген. Сөйтіп, гол+пас бойынша 46 ұпай жинады.
Қазақстанда биылғы оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер үшін не өзгереді
Мұғалімдер мектептен тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты

