Криштиану Роналду елордалық баланың жігеріне тәнті болды
Әлемнің футбол жұлдызы Криштиану Роналду Нұр-Сұлтандық Әли Тұрғанбекпен кездесуінен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ювентус" тобының және Португалия құрамасының ойыншысы мүгедек баланың ерік-жігеріне тәнті болған көрінеді.
"Әли, сенімен кездескеніме қуныштымын. Сен нағыз рух сыйлаушы адамсың", - деп жазды футболшы өзінің Instagram парағында.
Атап өтерлік жайт, танымал спортшы мен елордалық жеткіншектің кездесуіне UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов арқау болған еді. Бұған дейін Хаби Әли Тұрғанбекпен кездесіп, оған смартфон сыйлағаны айтылған еді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"