Көзі қызарып тұрғаны үшін "Air Astana" бортына кіргізілмеген қызға айыппұл салынды
"Air Astana" ұшағына көзі қызарып тұрғаны үшін кіргізілмеген жолаушы Карина Нәбиева сотта айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Алматының әкімшілік соты, алкогольді ішімдіктерді ішуге қатысты ережелерді бірнеше рет бұзып, қоғамдық орындарда мас күйде жүрді деп айыпталған Карина Нәбиеваға қатысты істі қарады.
Оқиға 26 шілдеде Нәбиева "Air Astana" ұшағына отырар кезде болған. Әуе компаниясы жолаушыны мас болуына байланысты бортқа кіргізуден бас тартқанын мәлімдеді. Стюарттар қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін полицияны шақырған. Кейін сараптама Набиеваның қанында алкоголь барын растады.
"Бортсеріктердің әрекетімен келіспей, болып жатқан оқиғаны телефонына түсірген. Осылайша ол қоғамдық дау тудырған”, – делінген хабарламада.
Нәбиева өз кінәсін ішінара мойындап, мас күйінде болғанын айтты. Бірақ ол қоғамдық тәртіпті бұзбағанын және айыппұлды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.
Іс материалдарына сәйкес, стюардессалар қыздың мас болғанын, өз аты-жөнін айтпағанын және одан алкоголь иісі шыққанын растаған. Осыған байланысты экипаж командирі оны бортқа жібермеу туралы шешім қабылдады.
Нәбиеваның өкілдері әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауына байланысты істі қысқартуды сұрады. Алайда, сот аздаған масаңдық дәрежесін растаған медициналық сарапшының қорытындысына сүйене отырып, оны кінәлі деп танып, 10 АЕК – 36 920 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, бұған дейін Желіде қыз Air Astana әуекомпаниясына шағымданған еді. Сөзінше, оның көзі қызарып тұрғандықтан, бортқа кіргізбеген.