Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қойдың құйрығындай": Бадықова ерекше шалбарын сынағандарға жауап береді 

Дариға Бадықова ерекше үлгідегі киім үлгісі үшін сынға қалды. "Салбыраған шалбар" киіп, желіні шулатқан актриса өзін сөз қылғандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желі қолданушылары Бадықованы жерден алып, жерге салды. 

"Құрысын, мына шалбарды кимеңізші. Әжептеуір әйгілі әртіс едіңіз", "Ана шалбарды өртеші құрысын", "Айсара Қылышбекке "ауың салбырап" деп ұрсушы еді", "Ұн жайында қалды, шалбарыңыз хит болып кетті", "Шалбарыңыз өте жаман болып тұр, кимеңізші өтініш", - деп жазды желі қолданушылары.

Елдің сөзіне Бадықова жауап берді. 

"Мына султанкамды жұрт: "Не киіп алғансың? Бұты не мынаның?" - деген екен. Әдемі өзгеше. Бұл да стиль. Несі жаман, жабысып тұрмайды. Артық ештеңе көрінбейді. 



Кей жамбасы үлкен қыздар жабыстырып қазақи қойдың құйрығындай іркілдетіп киіп алады. Одан қала бере жабыстырып көйлек киеді, алмаға түсетін құрт сияқты. Одан қала берді қуықтары құмғандай болып тұрады. Қысқасы, жарасатын киім киген дұрыс", - деді Бадықова. 

Талқылау