Кәмшат Жолдыбаева жігітімен бір тойда көзге түсті
Желіде Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанның бір тойда жүрген видеосы тарады. Актриса енді жеке өмірін жұрттан жасырмауға бел буған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әдетте Жолдыбаеваның ашық-шашық киімі мен кинодағы сахналары жиі талқыға түссе, бұл жолы актрисаның жеке өмірі ел назарында. Бұған дейін Кәмшат пен Ғазреттің қол ұстасып жүрген видеосы тараған еді. Онымен қоса, көпшілік соңғы кездері Жолдыбаеваның жабық киініп, қылықтары өзгергенін байқады. Мұны Кәмшаттың өмірінде ер адамның пайда болуымен байланыстырды.
Ал аталған ақпаратқа қатысты Кәмшаттың өзі де, Ғазрет те әзірге пікір білдірген жоқ. Есесіне қос актер әріптестерінің тойына бірге келгені белгілі болды. Олардың билеп жүрген видеосы Instagram-да жарияланды. Қарым-қатынастарын енді жасырмауды ұйғарса керек, Ғазрет те, Кәмшат та аталған кадрды өз парақшаларында бөліскен.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген