AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасованың жарты миллион теңге тұратын "гәлөші" желіні шулатты

Шоу-бизнестегі өзге әріптестері Ыстамбұлда тойда жүргенде Мәдина Сәдуақасова мен Роза Рымбаева Мәскеуге ат басын бұрды. Қос әнші Роза Бағланованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған концертке қатысқан. Ресейдің суығына алдын ала дайындалып барған Сәдуақасова құны жарты миллион теңге тұратын аяқ киімін көрсетіп, желіні шулатты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сәдуақасова Мәскеудегі алаңдардың бірінде түсірілген суретті Instagram парақшасында жариялады. 

"Роза Рымбаевамен Мәскеудеміз. "Роза Бағлановаға 100 жыл" концерті. Инстаграм жоқ бұл елде. Әйтеуір жолдарын тауып, осы суретті жүктедім. Шіркін, бұл концерт неге Ыстамбұлда болмады екен деп жүрмін ғой. Концерттен кейін Айнұр Тұрсынбаеваның тойына баратын", – деп жазды Мәдина. 

Желі қолданушыларының назары әншінің жазбасынан бұрын, суреттегі аяқ киіміне ауды. Көпшілік әншінің киіп жүргенін "гәлөшке" ұқсатты. 
"Мәскеуді гәлөшпен кешіп жүрмін дейсіз ғой", "Аяғыңыздағы өзіңіздікі ме?", "Мәдина, аяқ киімің бау-бақшаға киюге тамаша екен", "Қанша мыңның аяқ киімі екен, ауылда 2500 теңгеден түрлі түстері тұр", – деп пікір таласты оқырмандар.



Ал желідегілер мазаққа айналдырған аяқ киім шын мәнінде бренд болып шықты.  

"Менің хит болып жатқан "гәлөшім". Сіздердің ойларыңызша "гәлөш", ал жалпы бұл Givenchy-дің 2022 жылғы соңғы топтамасының "хиті" –  Winter Mallow деп аталады. Іші жып-жылы, қалың, өте ыңғайлы, киіп аласың да жүре бересің. Сондықтан қойыңыздар. Бұл деген супер аяқ киім. Бағасын айтпай-ақ қояйын",  – деп мақтанды Сәдуақасова. 

Ол аталған аяқ киімді 462 мың теңгеге алғанын айтты.

"Қазір қарап тұрмын, шынымен де гәлөш. Өзіміздің гәлөшімізді де осылай бренд қылсақ болады екен ғой. Удай қымбатқа алмай. Сұлуынан жылуы деп киіп жүретін бәріміз", – дейді әнші. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр