Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2 жарым ай уақыт керек – Облыс әкімі

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 4 шахтасы уақытша жұмыс істемей тұр. Ал, соңғы апат болған Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2 жарым ай уақыт керек. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Облыс әкімінің сөзінше, қазір "АрселорМиттал Теміртаудың" 8 шахтасының төртеуі жұмыс істеп тұр.

"Белгілі себеппен "Қазақстан" шахтасында апат болған, ол тоқтап тұр. Ол жерде әлі өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр", - деді Бөлекпаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ермағанбет Бөлекпаев  Костенко шахтасында арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты. 

"Комиссия жұмысын аяқтаған соң, рұқсат берген соң ғана шахтада қалпына келтіру жұмыстары басталады. Мамандардың айтуынша, Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2-2,5 ай уақыт керек. Бұл ретте ешқандай шахтаны жабу жоспарда жоқ екенін айтқым келеді", - деді Бөлекпаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ермағанбет Бөлекпаев Костенко шахтасында қаза тапқан 46 кеншінің отбасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жерлеу рәсімдеріне біржолғы төлем алғанын айтқан еді. Облыс әкімі 44 отбасыға 10 жылдық жалақы берілетінін де айтқан болатын. Сондай-ақ, Қазақстан шахтасындағы өрт ошақтары сөндірілгенімен, кейбір аумақтарды қайта тұтануы мүмкін екенін баяндаған болатын. 
 

Талқылау