Қостанайда трактор аударылып үш адам тіл тартпастан кетті
Қостанай облысының Қарасу ауданында трактор аударылып үш жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиғаға полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты Комсомол ауылының маңында болған.
"Жол апаты "К-744" маркалы трактордың аударылып кетуінен болған. Тракторда көрші ауылға бара жатқан жұмысшылардың болғаны анықталды. Көлікте 4 адам болғаны белгілі. Өкінішке орай, үш адам оқиға орнында қайтыс болды, біреуі зардап шеккен жоқ. Жол - көлік оқиғасының себебі тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.
Қарасу ауданы әкімдігінің мәліметінше, "Astana Grand Trade" ЖШС қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетті. Оқиғаны тергеу ерекше бақылауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды және қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді