Қостанайда полиция подполковнигі мереке күні ішімдікке тойып алып, тәртіп бұзған
Қостанай облысы полиция департаментінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы Булат Ибрашевтің Республика күнін тойлап жүрген сәті видеоға түсіп қалды. Тәртіп сақшысы мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tobol.info порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Полиция подполковнигінің әрекетін “Понаехали” дәмханасының келушілері видеоға түсіріп алған. Видеодан ер адамды ойын-сауық мекемесінен шығарып жатқанын көруге болады.
“Видеоны Ибрашев жұмыстан шығарып жіберген адам түсірген сияқты”, “Полиция подполковнигі бола тұра мына әрекеті несі?”, “Жұмыстан кеткенін күтеміз”, “Масқара”, “Була, мен саған өмір бумеранг деп айттым ғой”, – деп жазды желі қолданушылары.
Видеоға қатысты Қостанай облысының полиция департаменті пікір білдірді.
“Аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалып, оның аясында қызметкердің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ қызметкердің де, басшылықтың да кінәсінің деңгейі анықталады”, – деп мәлімдеді полиция.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты