Қостанайда автобус жүргізушісі жол ақысын төлей алмаған 13 жастағы қызды қала сыртына апарып тастаған
Қостанай тұрғыны Жанна Богатырева қоғамдық көлікте қызының басынан өткен оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Костанайские новости” басылымына сілтеме жасап.

"№19 бағыт жүргізушісінің дөрекілік танытқаны туралы оқиғаны баяндайын. Қызымның төлем картасы жұмыс істемей қалған. Ол оған айғайлап, артынша кәмелетке толмаған баланы қала сыртына, соңғы аялдамаға дейін алып кеткен. Сол жақта қалдырып кеткен. Ол жақтан қызым жаяу келіпті. Оның жанында тұрған бір қыз жолақысын төлеп берген. Бірақ ол оны тіпті елемей қойған. Көмектескен қыз оған телефон арқылы аударуды ұсыныпты, бірақ ол елемей, қызымды жылыжайға алып кеткен. Менің қызым 13 жаста. Ал егер бірдеңеге ұрынса не болар еді? Аман-есен оралғанына Құдайға шүкір", – деп жазды қыздың анасы.
"ТуристТрансСервис" ЖШС мұндай оқиғаның болғанын растаған.
"Тексеріс жүргізілді, жүргізуші қатаң жазаланды", – деп қысқа қайырыпты компаниядағылар.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"