Қостанайлық азамат туған ұлын балтамен ұрып өлтірді
Қостанайда әкесі мен баласының арасында туындаған жанжалдың арты өліммен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлердің мәліметінше, жанжал әкесі мен баласының спиртті ішімдік ішуі салдарынан туындаған. Ұрыс кезінде күдікті (әкесі) баласының басынан балтамен ұрып жарақаттаған. Қылмыс жасады деген күдікпен 73 жастағы ер адам ұсталды. Істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Полиция басқармасы облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сот алдындағы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, ол сот алдындағы тергеудің Бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі ("Адам өлтіру") бойынша тіркелген", – делінген ПД хабарламасында.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"